• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:47:58
Алматы
+12°

24 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Самат Әбіш Қазақстаннан шықпауы керек - ІІМ басшысы

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің шартты түрде сотталғаны туралы сұрақ қойылды.

Фото: gov.kz

"Тарихта алғаш рет осындай ұзақ қылмыстық жаза - 8 жыл. Біз ешкімнің 8 жылға шартты түрде сотталғанын таппадық. Оның шартты жазасы нені қарасытарады?", - деп сұрады журналистер министрден.

- Үкім мәселесі судьяларға. Бұл азамат пробациялық бақылауда. Тәртіп бар, оның кетуге құқығы жоқ. Яғни, шартты түрде тұрғылықты жері аумағында болып, тиісті рәсімдер жүргізіледі. Пробациялық бақылау тәртібі. Үкімде барлығы көрсетілген, яғни елден шықпауы, тұрғылықты жерінде қалуы (керек - еск.), - деді Ержан Сәденов.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылғаны белгілі болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Самат Әбіш жаза

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір