• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:39:21
Алматы
+12°

23 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қандастарымыз XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы президиумына мүше болды

Ұлты қазақ депутат XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысында президиум мүшесі болды

Фото: china.caixin.com

Бейжіңдегі Халық жиналыстары үйінде 5 наурыз күні таңертеңгі сағат 9:00-де XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының ашылу салтанаты өтті.

Жиналысқа қатысқандардың ішінде 60 адамнан тұратын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық  өлкесі делегациясы 11 ұлттың өкілінен құралған.

Қытайдағы қазақ депутаттар XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясына және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қатысқан. Тізім бойынша Гүлмира Дәулет, Ершат Тұрсынбай, Сарқыт Ақан, Айдын Толқын және Зоя Бахыт есімді ұлты қазақ 5 депутат бар.

Ал Сарқыт Ақан XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы президиумының мүшесі болып сайланды. Отырысты төрағаның міндетін атқарушы Чжао Леджи өткізді.

Одан бөлек, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қытайлық қандасымыз Нұрлан Абдулмажин және Қадырбек Қамза қатысып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қандастар мәжіліс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір