20 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңгеге жеткен
Қаржы министрі Мәди Тәкиев журналистерге берген жауабында мемлекеттің қарызы қанша теңге болғанын айтты.
Фото: көрнекі сурет
- 2024 жылдың 1-қаңтарына дейін мемлекеттік қарыз 27 триллион теңге болды. Бұл ІЖӨ 22,8 пайызына тең. Бізде белгіленген мөлшер бар. Лимит 32 пайызға дейін қауіпсіз деп есептеледі, - деді министр.
Былтыр желтоқсан айында парламент мәжілісінде Бюджет кодексі талқыланған болатын. Сол кезде депутат Ерлан Саиров квазимемлекеттік секторды қоса алғанда, Қазақстанның сыртқы қарызы 105 миллиард долларды құрайтынын айтқан еді. Ол мемлекет қарызы бюджеттің 40 пайызына теңелсе, елде қаржылық қиындық туындайтынын тілге тиек еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір