• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:34:59
+12°

15 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Белсенділер "Саяси тұтқындарды" қудалауды тоқтатуды талап етті

14 наурызда бір топ белсенді түрмедегі саяси тұтқындарды босатуын талап етіп, жиын өткізді.

Фото: bureau.kz

Адам құқықтарын қорғау бюросында өткен жиынға бір топ қоғам белсенділері қатысқан. Олардың қатарында саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы, Әйгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдарханова, құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова мен "саяси тұтқын", журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмас Тілеповтер бар. 

Жиын барысында Рысбек Сәрсенбайұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған үндеуді оқыды. Ол "қанды Қаңтардан" кейін нағыз жауапты адамдар жазаланбай, қарапайым халық жазаланғанын айта отырып,  Үндеуде Қаңтар кезінде Алматы «әуежайын басып алмақ болды» деген айыппен төрт жылға сотталған саяси белсенді Әйгерім Тілеужан «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» баптары бойынша істі болып, қазір соты өтіп жатқан тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімдерді  босатуды талап етті. 

Сондай-ақ bureau.kz мәліметінше, 6 наурызда адвокаты Айнара Айдарханова түрмеде жанжал болғанын, соған байланысты Әйгерім Тілеужанның үстінен «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» (107-бап) бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлаған. 

Бүгін, 14 наурызда адвокаты Әйгерім Тілеужанның үстінен арыз жазған адам экспертизадан өтуден бас тартқанын айтты. Қылмыстық іс қозғауға жедел жәрдем қызметкерінің анықтамасы себеп болған. Анықтамада жәбірленушінің «саусағы сынғаны» жазылған. Ал Тілеужан адвокатқа түрме камерасында сөзге келіп қалғанын, ешкімге қол көтермегенін айтқан. 

Баспасөз жиынына қатысқан Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова мұны саяси тапсырыс деп санайды. Ол депутаттарды, адам құқығын қорғау ұйымдарын белсендінің жағдайына назар аударуға шақырды. 

Белсенді Әлнұр Ілияшев та Әйгерім Тілеужанға қысым жасалып жатыр деп есептейді. Ол белсендіге байланысты ашылған іс әдейі ұйымдастырылған деп есептейді. 

Адвокат Айнара Айдарханованың айтуынша, бұл іс Тілеужанның негізгі ісі бойынша Жоғарғы сотқа шағымданған кезінде кедергі болады.

– Оның үстінен арызданған адам Жауғашты түрмесіне арыз жазып үлгерместен қылмыстық іс қозғалып, белсенді түрде тергеу басталып кеткен. Олардың мұндай жылдамдығы бізді таңғалдырды. Мұны Әйгерімнің жазасын өтеу мерзімін ұзарту мақсатында әдейі жасалған деп ойлаймыз. Бұл оның негізгі ісі бойынша кассациялық арызды қарауға кедергі келтіреді, – деді адвокат баспасөз жиынында. 

Белсенді, журналист, аудармашы Әйгерім Тілеужан былтыр 2022 жылғы Қанды Қаңтар кезінде «Алматы әуежайын басып алмақ болды» деп айыпталып, 4 жылға сотталған. Ол өзіне тағылған айыппен келіспей, бұны саяси тапсырыс деп бағалаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір