• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 15:42:39
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаев Президент әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының түлегі. Мамандығы бойынша халықаралық экономист.

Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, «ABE корпорациясы» мен «К-МАРТ» ЖШС-ның Бас директоры, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры, Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында, Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Nur Otan партиясының хатшысы секілді қызметтерде болған.

Соңғы атқарған қызметі – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың орынбасары.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арман Қырықбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір