• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:13:32
Алматы
+12°

07 Наурыз, 2024 NEWS

"Ханның қызы". Гүлшара Әбдіхалықоваға ат қойған қоғам белсендісі қамауға алынды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция қызметкерлері ұстап әкетті

Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

Әлеуметтік желілерде қоғам белсендісі, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тарады.

Осыған орай Қызылорда облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр" деп қысқа қайырды ведомство.

Еске сала кетсек, бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған. Сол кезде полицейлер әкім келеді деп жолды жауып, көліктерді жүргізбей қойған. Бұл жағдайға ашуланған қызылордалық тұрғын аудан аралап жүрген өңір басшысына барып «Жолды жабатын ханның қызысыз ба?» деп наразылық білдірген. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір