• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:35:30
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 
Бүгін "Ақтөбе-Астрахан" тас жолы жол-көлік оқиғасы болып, 8 адам қаза тапты.
 
Ақтөбе облыстық прокуратурасының мәліметінше, "Ақтөбе-Астрахань" тас жолының 120 шақырымында "Lada Largus" және "Toyota Hilux"  көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік апаты салдарынан "Lada Largus" көлігінің 8 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жеке бастары анықталуда. "Тойота Хайлюкс" автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді" делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігіне (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сай қылмыстық іс ашылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол-көлік оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір