• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:04:31
Алматы
+35°
 

2023 жылы Ұлыбританияда егін жинаумен айналысатын барлық маусымдық жұмысшылардың төрттен бір бөлігі Орталық Азия елдерінен келген, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Басылым мәліметінше, азаматтар арасында маусымдық жұмыстың танымалдығы экспоненциалды түрде өсіп жатыр. Олардың барлығы Ұлыбританияға маусымдық ауылшаруашылық жұмыстары үшін Seasonal Worker visa мемлекеттік бағдарламасы бойынша барған.

Ұлыбритания елшілігінің ресми статистикасына сәйкес, 2022 жылы қазақстандықтардан ағылшын фермаларында жұмысқа орналасу үшін 2711 өтінім, ал 2023 жылы 3994 өтінім берілген.

2019 жылға дейін Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыстарда Болгария, Румыния, Польша секілді Шығыс Еуропа елдері азаматтарының үлесі басым болып келсе, 2020 жылдан бастап маусымдық жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Ресей мен Беларусьтен келе бастаған.

Англия мен Уэльс ұлттық фермерлер одағының мәліметінше, Ұлыбританияның аграрлық секторында барлығы 471 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған, олардың 58 мыңы егін жинау уақытында ғана қажет.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Англиядағы жұмыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір