01 Наурыз, 2024 Алматы
Алматыда жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кетті
Қайғылы оқиға "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. 2021 жылы 31 қаңтарда нақ осы тұрғын үй кешенінде 16 жастағы бойжеткен биіктен құлаған болатын. Сол жылы желтоқсанда 2005 жылғы жасөспірім де осылай мерт. болған.
Ашық дереккөзден алынды
Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті жас келіншек 18-қабаттан секіріп кетті.
Оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Видеодан жедел жәрдем қызметкерлері мен сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар тас жолда жатқан адамның жанына топырлап жиналып тұрғанын көруге болады. Ал жазба сипаттамасында жас қыздың 18-қабаттан секіргені әрі оның екіқабат екені айтылған.
"Аталған факт бойынша Алмалы аудандық ПД сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды, істің мән-жайы тергеу барысында анықталады", дейді қалалық полициядағылар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір