• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:43:44
Алматы
+12°

28 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Әлия Назарбаева рейдерлік жасады деп айыпталды

Бүгін ұлттық баспасөз орталығында “Әлия Назарбаеваның 170 млн доллар тұратын бизнесті рейдерлік жолмен басып алуы” бойынша баспасөз конференциясы өтті.

фото: ulysmedia.kz.

«2003 жылы өзінің ықпалын пайдалана отырып, ол жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю станциясынан тұратын 170 миллион доллар тұратын (2003 жылғы бағалау бойынша) операциялық бизнесті тартып алды. Рейд үшін ол бұрынғы иелерін түрмеге қамап, дене жарақатын саламын деп қорқытты. Оның қоқан-лоққылары сенімдірек болуы үшін, ол күндіз Алматының орталығындағы кәсіп иелерінің бірінің әкесін ашық түрде ұрлап кеткен және куәгерлердің айтуынша, ұрлауға құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін. Қылмыстық сыбайласы Валентина Рогова болды, ол Игорь Иванович Роговтың әйелі, ол мемлекеттік лауазымдарды атқарған: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Президенттің көмекшісі, Президенттің кеңесшісі және басқа да көптеген мемлекеттік қызметтерді атқарған», – делінген Ұлттық баспасөз клубында өтетін баспасөз мәслихатының анонсында.

Ұлттық баспасөз клубында «Әлия Назарбаева мен Валентина Рогованың қатысуымен 170 миллион долларлық бизнесті рейдерлік жолмен басып алуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір