28 Ақпан, 2024 Алматы
Алматы әуежайының тағы бір топ-менеджері қызметінен кетті
Алматы әуежайының алдындағы екі басшының соңынан іле-шала тағы бір топ-менеджер Симон Зитцерс қызметінен кетті.
Ашық дереккөзден алынды
"Алматы халықаралық әуежайының аға вице-президенті Симон Зитцерс қызметіне еш қатысы жоқ, жеке себептері бойынша орнын босатты", делінген әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оның орнына басқа маман тағайындалатыны нақтыланады.
Айта кетсек, 2023 жылы 28 желтоқсанда әуежайдың екі түрік топ-менеджері: коммерция жөніндегі аға вице-президент Йеткин Четин Пакер, бірінші вице-президент Фатих Өмір аяқ-астынан қызметінен кеткені белгілі болды.
2024 жылы қаңтарда БАҚ беттерінде Алматы халықаралық әуежайына тінту жүргізіліп, тағы бір топ-менеджер Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған. Бірақ әуежай басшылығы бұл мәліметті растамады.
Негізінен, 2021 жылы 30 сәуірде TAV Airports түрік компаниясы Алматы халықаралық әуежайын сатып алғанын жарияланды. Баға 50 млн долларға дейін төмендетілгені де белгілі болды.
Venus Airport Investments B. V. (Амстердамда тіркелген) компаниясы "Алматы халықаралық әуежайы"АҚ-тың жалғыз акционері болып табылады. Өз кезегінде, Venus Airport Holdings B. V. (сонымен қатар Нидерланды юрисдикциясында қарасты) әуежай акциясының 10% және одан да көп үлесіне ие. Бұл компания толығымен Тимур Құлыбаевтың қарауындағы сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd компаниясына тиесілі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір