28 Ақпан, 2024 Әлем
Отбасын бұзғандар ел алдына шықпасын! Қырғыздар ажырасқандарға қатысты шара қабылдап жатыр
Қырғыз Республикасының үкімет басшысы Ақылбек Жапаров әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға ұдайы мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды. Ол, әсіресе ажырасқан әйелдердің жазбасына басымдық беру керек деп санайды.
Ашық дереккөзден алынды
Үкімет басшысы ажырасып кеткен әйел бұрынғы күйеуі мен ата-енесі туралы жаман пікір білдіруге құқығы жоқ, сондықтан дәстүр мен әдет-ғұрыптарға қайшы келетін ақпараттардың таралуына шектеу қою керек деп шешкен.
"Кейбір келіндер туған әкесін жер-көкке сыйғызбай мақтап, бірақ қайын енесі мен атасын жамандап отырады. Ажырасса міндетті түрде өз пікірлерін әлеуметтік желіде жариялап, жауды жеңгендей боп мақтанады. Отбасын бұзғандар өзгелерге үлгі емес. Қайын енелер балтырын жалаңаштап, шорты кимесін, ал келіндер басынан орамалын тастамасын", деп 24kg Ақылбек Жапаровтың сөзін келтіреді.
Сондай-ақ көрші елдің үкімет басшысы қыздар үй ханымы болуды, ұлдар ақша табуды, Отанын қорғауды үйренуі керек деп санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір