27 Ақпан, 2024 Экономика
Qarmet-ке жүргізілген аудит: халықаралық сарапшылар 2021 жылғы трагедияның себебін атады
Басқарушылық консалтингке маманданған халықаралық Boston Consulting Group компаниясы 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Qarmet-те көмір өндірісіне аудит жүргізді.
Ашық дереккөзден алынды
Бүгіндері Boston Consulting Group кеншілердің жұмыс жағдайларына жүргізген сол аудит қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көмір департаментінің қызметіне жүргізілген зерттеу-зерделеу нәтижесінде 2021 жылдан бастап шахталардағы болған қайғылы жағдайлардың 95%-на кен орнындағы жарылыстар, өрт пен газ таралуы себеп болған.
Кәсіпорынды жаңғырту бойынша кешенді жұмысты жүргізу ұсынылды. Ол жүйені барлық нысандарда орнатудан бастау қажет. Жүйелерді басқару үшін өндіріс деректерін шоғырландыру тиімділігін арттыруға және геокеңістіктер сияқты сыртқы факторларға жауап беруді жеделдетуге мүмкіндік беретін орталық диспетчерлік қызметті құру ұсынылады.
Ескертпелердің қатарына бұған дейінгі жылдары өзектілігі жоқ технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған тиімсіз инвестициялау, шахталарда еңбек жағдайларының бірыңғай стандартының болмауы және т.б. кірді.
"BCG аудитінің қорытындыларын назарға ала отырып, Qarmet акционері Андрей Лаврентьевтің тапсырмасы бойынша Көмір департаментінде 2028 жылға дейін жаңғыртудың егжей-тегжейлі кешенді іс-қимыл жоспарын айқындау бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылды", делінген хабарламада.
Ауқымды науқанның негізі мақсаты еңбек өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу болмақ.
Айта кетсек, 2023 жылдың қазан айында 46 адамның өмірін қиған "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында ең ірі апат болды. Бұған дейін 2006 жылы Ленин атындағы шахтада ірі апат болып, ол кезде 41 кенші топырақ жастанған еді. Осыдан кейін Үкімет шетелдік инвестормен арадағы келісімшартты бұзуға мәжбүр болды. Көп ұзамай акционерлік қоғамға жаңа инвестор келді. Ол кәсіпкер Андрей Лаврентьев болды. Директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Лаврентьев болып табылатын Allur компаниялар тобы кәсіпорынның барлық бөлімшесін өз қарамағына алды. Жаңа қожайын компанияның бұрынғы атауы – Qarmet-ті қалпына келтірді.
Лаврентьев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер тізімінде 26-шы орында тұр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір