26 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі өсті
Жыл басынан бері елімізде республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 210,4 млрд теңге жұмсалды.
ЕХӘҚМ баспасөз қызметі
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам.
"2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге", делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Айта кетсек, 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңгені құрады.
Осы жағынан алғанда, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері былтырмен салыстырғанда 11 602 теңгеге өсті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір