• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:53:11
Алматы
+12°

26 Ақпан, 2024 Астана

Астанада криптовалютасы бар 535 адам қаржы пирамидасының құрбаны болды

Астанада салымды криптовалюта түрінде тартқан Eolus қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ашық дереккөзден алынды

Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, "ENERGY EOLUS QAZAQSTAN" ЖШС-ны тіркегені анықталды.

Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған "energyeolus.info" платформасында көрсетілді.

"Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды. Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді. Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды" деп хабарлайды Қаржылық монитринг агентігінің баспасөз қызметі. 

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір