• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:19:11
Алматы
+12°
Маңғыстау облысы Жетібай кентіндегі жағдай жирығып тұр.  ҚазМұнайГаздың дерегінше, мұнайшылардың 75 күннен бері ереуілдетіп, жұмысқа шықпауынан ұлттық компанияға 1 млрд 320 млн теңге шығын келген. Оның ішінде ереуілшілер істейтін West Oil Software компаниясына 900 млн теңге шығын келген. Компания басшылығы қызметкерлері 24 ақпанға дейін жұмысқа шықпаса, арадағы еңбек келісімшартын үзіп, орнына жұмыссыз жүрген Қарақия мен Маңғыстау облысындағы басқа аудандардың тұрғындарын алу жайлы талап қойып отыр.

Halyq-uni.kz сайтының жазуынша, компания талабынан кейін ереуілген шыққан 94 азамат жұмысына қайта оралған.

Сондай-ақ ақпарат құралы «Westoil Software» ЖШС-да істейтін көлік жүргізушілерінің орташа жалақы мөлшері 750 мың теңге екенін, осыған байланысты тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп көргенін хабарлап, сауалнамаға қатысқандардың ондай соманы "өте жоғары жалақы" деп айтқанын келтірген.

Сонымен, жауаптар легі төмендегідей:

— 750 мың теңге жақсы деп ойлаймын. Егер маған сондай көлемде жалақы берсе, риза болушы едім. 

— Шынын айтқанда, мен құрылыс саласында істеймін. 250-300 мың теңге табамын. Ол маған жеткілікті. Егер маған 750 мың теңге жалақы берсе, миллионер болатын едім. 

— 750 мың жақсы ғой. Кейбіреулер ондай да жалақы ала алмайды. Қазір жалақы аз ғой. 

— 750 мың емес, 500 мың берсе де құдайға шүкір деп айтамыз. Сол жеткілікті қазақстандықтарға. 

— Адамда қанағат болуы керек қой. 750 мың теңге жалақыға өмір сүруге болады. Адамдар ондай жалақы ала алмайды. Қазір 200-300 мың жалақы алып, несие, ипотекасын жауып жүр.

 

Маңғыстау облысы Жетібай кентінде West Oil Software компаниясының жұмысшылар ереуілдетіп жатқанына 75 күн болды. Мұнайшылар жұмыстағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін компанияны "ҚазМұнайГаз" құрылымына қосуды, ЕСОТ жүйесіне сәйкес жалақыны теңестіруді, техниканы жаңартуды талап етеді. Осы уақытқа дейін ереуілшілермен әртүрлі деңгейде келіссөз жүргенімен, екі тарап ымыраға келе алмаған. Ал кеше «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жұмыстың тұрақтылығына, жалақы мәселесі мен техникаларды жаңарту жайын сөз еткен мәлімдеме жасап, мұнайшыларды жұмысқа шығуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір