23 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
“Думанның соты құпия болатындай ол әскери адам емес”
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи журналист Думан Мұхамедкәрімнің сотының жабық өтуіне қатысты пікірін білдірді.
фото: Ulysmedia.kz
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Qamshy.kz-тің «Думанның соты неге жабық өтеді? Оның ісінде мемлекеттік құпия бар ма?» деген сұрағына:
– Мемлекеттік сот қандай негізді есепке алып тұрғанын білмеймін. Ол енді соттың әлдебір заңдарға, не бір негіздерге сүйенген шешімі болуы мүмкін. Қалай болғанда да, сот бір құпияны сақтаудың амалын жасап жатыр деп ойлаймын. Бірақ соттың нақты қандай негізді алғанынан хабарсызбын. Ал жорамалдап айтсам, бәлкім, сот барысында Думан мен Мұхтар Әблязовтың арасындағы телефонмен әңгімелері тыңдалатын болуы мүмкін. Бұл менің жорамалым. Біріншіден, телефон тыңдалған болса, ондағы әңгімелерде айтылған мәселені қоғам қабылдамай, мойындамауы мүмкін. Екіншіден, экстремистік ұйымдарды қаржыландыруға араласты деген талапты дәлелдеуі керек. Яғни, аударылған шоттар, есептер осы тергеуде прокуратураға проблема болуы мүмкін. Сол себептен де сот жабық шығар. Басқа уәжім жоқ.
Негізі, Думанның соты құпия болатындай ол не әскери адам емес, не әлдебір қызметтің құпия мүшесі емес. Тергеу барысында шыққан бір кінәраттарды қалай да қалқалап қалудың бір амалы шығар. Экстремистік ұйымды қаржыландыруға қатысты әңгіменің мазмұны қоғамның құлағына қонбайтын шығар деп ойлаймын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір