22 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
"Джунглидің ішінде жүрміз". Таиландта құлдықта болған екі қыз құтқарылды
Сыртқы істер министрлігі Таиландта құлдықта болған екі қыздың аман-есен құтқарылғанын хабарлады. Келесі тарап әр адамның басына 10 мың доллар ақша сұраған.
Ашық дереккөзден алынды
Министрліктің дерегінше, қазіргі таңда Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде 100-ге жуық қазақстандықтар құлдықта жүр. Соңғы екі жылда Таиландпен шекаралас орналасқан Мьянма, Лаоста 200-ге жуық отандасымыз тәнін саудалауға, еркінен тыс қара жұмысқа жегілген. Сол жақтағы дипломаттарымыздың көмегімен Мьянма мен Лоас аумағынан 28 қазақстандық шығарылыпты. Тағы 60-қа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Қаңтардың соңында Таиландағы консулдыққа «Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қай мемлекет екенін білмеймін... Жұмыс бабымен құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер» деген хабарлама түсті. Сөйтсек, біздің екі азаматымыз алданып, «алтын үшбұрышта» құлдыққа түсіп қалған. Қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп Таиландқа барған ғой, жұмыс істеуге. Әр адамның басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен қосылып екі қызды құтқардық. Қазір Қазақстанға ұшақпен ұшып келе жатыр", дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір