16 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Екібастұзда 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырылған
Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады.
Сурет уикипедиадан алынды
Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен – 1 миллиард теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайын, залал сомасын және оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір