16 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
ҰБТ кезінде ақысына "жоғары балл алып берумен" айналысқан үш адам сотталды
Сотталған адамдар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізгені және көшіруді жүзеге асырғандары тергеу барысында анықталды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
"Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалауды өткізу процесіне қол сұққандары дәлелденді", делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен ҚР Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімі және 208-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары - «С», «Ж» және «Н-ға» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.
Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір