15 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды
2024 жылдың 13 ақпанында астаналық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына мен жұбайы Налия Ысқақоваға және адвокат Мұстахим Төлеевке қатысты алаяқтық және сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот үкімін шығарды.
ашық дереккөзден алынды
«Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген сот үкімінде.
Одан бөлек, оның жұбайы Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, сот үкімімен А.Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір