• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:59:41
Алматы
+12°

15 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Мамандар дәл қазір пәтер сатып алған тиімді екенін айтады

Әсіресе, Алматыда. Өйткені мұнда жер сілкінісінен кейін көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлер бағасы біршама түскен. Алайда бұл да уақытша құбылыс көрінеді.

Ашық дереккөзден алынды

«Мамандар алдағы үш жылда баға біршама өседі деп болжам жасауда. Соған қарамастан сатып алу мен сатуға қатысты келісім азаймаған. Алматыда жеке сектордағы үйдің бағасы аспандап кетті. Бұған жердің жиі сілкінуі себеп. Бірақ мамандар табиғи құбылыс бағаға әсер етпейтінін, біраз уақыттан кейін құны қайта қалыпқа келетінін айтты» деп хабарлайды Астана телеарнасы.

«Жер сілкінісінен кейін жеке сектордағы нысандарды сату мен жалдауға қызығушылықтың біршама артқаны байқалды. Осының аясында кей адамдар бағаны аздап көтерді. Бірақ, мұндай қызығушылық мәмілелерге еш әсер етпеді. Бұл жайт үй мен пәтер бойынша мәмілелер құрылымындағы үлестің қайта бөлінуіне айта қоярлықтай әсер етеді деп айта алмаймын», дейді Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір