• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:14:45
+12°

14 Ақпан, 2024 Әлеумет

«Қыз, қыз емес». Министр ЖОО-лардың біріндегі ыңғайсыз жағдайға қатысты түсінік берді

WhatsApp-та студент қыздардың телефон нөмірлері мен ЖСН-нін қамтитын ақпарат тарауда. Оның үстіне ол арада бойжеткендердің қайсысы қыз, қайсысы қыз емес (қыздыққа қатысты) екені көрсетілген.

әлеуметтік желіден алынды

Мәжіліс дәлізінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен журналистер қауымы  Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттеріне қатысты WhatsApp-та тараған ақпаратқа қатысты пікірін сұрады.

"Бұл, жеке деректерге деген немқұрайлы қатынас. Біз аталған мәселені өз бақылауымызға алдық, өйткені бұл арада тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланатын болады. Бізде жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл арада әкімшілік құқық бұзушылық туралы сөз болып отыр», деп Саясат Нұрбек сөзін бір қайырды.

Сондай-ақ министр жеке тұлғалар мәліметтері қауіпсізідігі мәселесін реттеуді қатаңдату қажет деген пікірде.

"Жалпы, бұл әдеп, мәдениет мәселесі. Қанша жеке куәлікті жіберіп жатамыз... ЖОО-да осындай фактілер болғаны, өкінішті. Өте құпия ақпарат болып табылатын жеке бас және жеке мәліметтер туралы заңнама қатаң болмайынша, мәдениет те өзгермейді", дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір