• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 10:45:20
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2024 Құқық

Сапасыз интернет: Рудныйда байланыс операторларына айыппұл салынды

Одан бөлек байланыс операторлары талап-арызға сәйкес, қалада қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты. Осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

gov.kz

Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп, қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір