• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:10:10
Алматы
+12°

09 Ақпан, 2024 Саясат

коллаж RFE/RL

ЦИК деген (Орталық сайлау комиссиясы) Ресейде де бар. Онда отырғандар Борис Надеждин дейтін кандидатты наурызда өтетін президент сайлауына кандидат етіп тіркеуден бас тартты.

Путиннің соғысына қарсы ашық сөйлеген, "Навальныйды түрмеден шығарып жіберем" деп батыл мәлімдеме жасайтын бұл Борис өзі қайдан шықты десеңіз, оны Кремльдің өзі шығарған еді. Кремль осындай адамды сахнаға шығару арқылы Украинаға қарсы соғысты, жалпы, Путиннің саясатын Ресейдегі халықтың басым бөлігі қолдайтынын дәлелдеп, соны елге көрсетпек болған.

"Бұл пақыр өз бетімен жарытып қайбір қол жинар, ары кетсе 2-3 пайыз халықтың қолын әрең жинайды-ау" деп пішкен.

Сөйтсе, олай емес екен! Ресей халқы кезекке таласып Надеждинге жаппай қол жинап бере салды. Ресей халқының басым көпшілігі шындығында керісінше, Путин мен соғыстан әбден шаршағаны білініп қалды. Сол себепті ЦИК себеп тауып, Надеждинді кандидат ретінде тіркемей тастады.

Борис Надеждинді ойлап тапқан сайлаудың кураторлары қателесіп қалды осылай.

Кремльдегілер Путинді Ресей халқының 79 пайызы жата кеп қолдайды деген жалған әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне қатты сеніп қалған екен.

Борис Надеждин бәрін быт-шыт қылды.

Дауыстар әділ саналатын шын сайлау өтсе, Путиннің Надеждиннен ойсырай ұтылып қалатынын Кремль түсінді. Ойыннан өрт шықпай тұрғанда тоқтатты оны.

Бірақ Надеждин жолдан қағылып тасталса да, оны сайлауда қолдамақ болғандар, Путин мен оның соғысына қарсы халық ешқайда құрыған жоқ. Олар енді ортақ келісім тауып, 17 наурызда Путиннен басқа кез-келген кандидаттың біріне жабылып дауыс беруі мүмкін.

Путин мен Кремль үшін бұл өте күрделі, қымбат, қауіпті сайлау болайын деп тұрғаны анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір