• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 04:15:53
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2024 Саясат

Шенеуніктердің миындағы жасанды шындық қауіпті – Досым Сәтбаев

Премьер-министр лауазымына жасанды интеллектіні тағайындай салсақ дұрыс болар еді.

Ашық дереккөзден

Премьер-министр лауазымына жасанды интеллектіні тағайындай салсақ дұрыс болар еді. Оның бір өзі Үкіметтің бар жұмысын атқара берер еді.

Бірақ, олай етсек, мемлекеттік аппарат қарап отырмайды ғой...

«Жарықты сөндіреді. Жанталасып бірден шалт әрекетке көшеді. Сөйтіп істетпей тастайды оны да. Көрдіңіздер ме, тіпті кез-келген жасанды интеллектінің өзі ішкі номенклатуралық өміршеңдік түйсігіне төтеп бере алмайды.

Біздегі шындық, міне осы! Жасанды интеллекті қауіпті деп жүр ғой біреулер.

Жооо... Жоооқ! Шынайы өмірден біржола қол үзген, мемлекеттік аппарат жүйесінің тамаша жұмыс істеп жатқанын көзбояушылықпен көрсетуді әбден меңгеріп алған, әрі өздері соған сенетін шенеуніктердің миындағы жасанды реал қауіпті. Ол Премьер-министр, министрлер қанша жерден ауысса да жолындағы кез-келген нәрсені әлемтапырақ қылып талқандай береді, әдемі жоспарларды да, мықты жобаларды да...  

Қазақстандағы Премьер-министр деген, ең бірінші кезекте ішкі номенклатуралық топтардың көңіліне жағатын, бәрімен ортақ тілге келе алатын жалтақ тұлға болуы тиіс. Оған қоса, оның білігі мен білімінен гөрі Президентке жақын болғаны маңызды. Жылдар бойы бізде осылай болып келеді.

Үкіметіміз заңдылыққа сәйкес, ортақ мүддеге топтасқан бірыңғай команда да емес. Олай болса, «бөліп ал да билей бер» деген қағидат жұмыс істемей қалады емес пе? Жалпы, елдік емес, жеке мүддедегілерді басқару, елді тығырыққа тіреу оңай. Ал оңай, тегін нәрсеге бәрі үйірсек келетіні белгілі...», деп жазыпты саясаттанушы желідегі парақшасына.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір