• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:05:19
Алматы
+12°

07 Ақпан, 2024 Әлем

Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздан қатерлі ісік анықталды

Британдық монархтан қатерлі ісік қосымша медициналық тексеруден өтуі кезінде белгілі болған. Алдында оған қуық асты безінің ұлғаюына байланысты ота жасалыпты.

Ашық дереккөзден алынды

Алғашқы сатыдағы дерт болғандықтан жақындары корольдің ауруынан толықтай айығып кететіндігінен үмітті. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

«Чарльз монарх ретінде өз жұмысын жалғастыра береді, бірақ кейбір міндеттерді патша отбасының мүшелері атқаруы мүмкін», - деді Сунак.

The Times газеті Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың қатерлі ісікке шалдығуына байланысты кейбір қоғамдық міндеттерді Уэльс ханзадасы Уильям атқаратынын жазады.

Америкалық басылымның мәліметінше, ханзада ота жасатқан жұбайы Кейттің жанында болу үшін демалыс алған, дегенмен әкесінің жағдайынан хабардар болған ол жұмысына шұғыл кері оралмақшы.

Ханзада Уильям өзінің бұқаралық міндеттерінен бөлек енді әкесінің орнына қосымша бірқатар шараға қатысуға да мәжбүр болады.

Елизавета патшайым дүниеден озғаннан кейін, жалпы Чарльздың таққа отырғанына 18 ай болыпты.  

Айта кетсек, кеше, 6 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір