06 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Әлихан Смайылов: "Екі жылда экономиканы көтердім"
Қоштасу постын жазған Смайылов сынға қалды, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ғаламтор желісінен алынды
5 ақпан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді. Министрлер кабинетінде бәлкім кейбірі өз орнында қалар, бірақ екі жылдан астам уақыт Премьер-министр болған Әлихан Смайылов қоштасу постын жазып, қайтып келмейтінін білдірді. Ол постында:
«Тоқаевқа сындарлы уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметін басқаруға сенім білдіргені үшін зор алғысымды білдіремін. Өткен екі жыл қоғам үшін шешуші кезең болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,1%-ті құрады. Барлық негізгі секторлар оң даму динамикасын көрсетті. Инфляция екі есеге төмендетілді», – дейді.
Дегенмен, көпшіліктің постқа жазған пікірінен Смайыловқа көңілі толмағанын байқауға болады. Мәселен,
«Бәрі жақсы болса, неге Ұлттық қордан ақша алдың? Неге зейнетақы қорының ақшасын ЖЭЦ салуға жұмсайын деп жатырсыңдар?», «Үміт ақталмады, жемқорлық адам шошытарлық деңгейге жетті. Қорғаныс, денсаулық, әлеуметтік, «Қазавтожол», білім саласы министрлері жұмысы өте нашар. Облыс, аудан басшылары тек тамыр-таныс, туған-туыстарын жұмысқа тағайындауда. Халықтың сеніміне ие болатын Үкімет басшысы министрлер сайланса деген үмітіміз қашан ақталар екен?», «Сіз Үкіметті басқарған кезеңде бюрократия шыңына жетіп, коррупция қатты дамыған шаққа тұспа-тұс келді. Бұл олқылықтарды тоқтатуға Үкіметтің әлі жетпеді», «Бірінші рет әлеуметтік желіден көруім. Жан-жағына жалтақтамайтын, турашыл адам керек қой, болмаса Қажыгелдинді шақыртсын», «Өз басым сізге жақсы баға бере алмаймын, айтарлықтай жетістіктер жоқ, халықтан алшақ болдыңыз. Бірақ Маминге қарағанда Қазақстанда Премьер-министр бар екені көрініп тұрды. Алдағы уақытта шын қабілетіңіз жететін, сүйіп жұмыс істеңіз деп өтінемін», «Бұл Үкімет саяси-экономикалық дағдарысқа алып келді. Тіптен бұл өкімет келмеу керек еді» деген сарындағы пікірлер өте көп.
Еске сала кетсек, 51 жастағы Смайылов Қазақстанның Премьері лауазымын 2 жыл бір ай атқарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір