• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:27:55
Алматы
+12°

05 Ақпан, 2024 Әкім кім?

Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Шендінің спирттік ішімдікке әуестігі бары, ал ішіп алса көлігінен түспейтіні белгілі болды.

Ашық дереккөз

«Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Мұстафин ауылының әкімі Қайрат Құсайынов 3 ақпанда мас күйінде көлік жүргізіп, полицейлердің қолына түскен.

Сараптама орташа мас болу фактісін тіркеді», деп жазады «Вечерняя Караганда» Telegram арнасы.

Бір қызығы, бұған дейін де шенді мас күйінде ұсталған. Ол кезде, яғни 2018 жылы Қайрат Құсайынов Бұқар Жырау ауданының Қушоқы ауылының әкімі болыпты. Мәселесі майшаммен қаралғанда сол кездегі Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметкер өзін коронавирус кезеңіндегі солдатқа теңеген. Сөйтіп карантинде әкім көлігімен шұғыл көмекті қажет ететін ауыл адамдарын ауданға тасығанын айтып, құтылған. Алдында осылайша ескертумен аман қалған әкімнің бұл жолғы тағдыры не болады? Оны алда өтетін кезекті Әдеп жөніндегі кеңес шешеді.

Ал әкімшілік сот әкімді көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырып, оны 15 тәулікке қамауға алуды бұйырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір