05 Ақпан, 2024 NEWS
Астанада балаларды ұрып, қылқындырған 30 жастағы күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Оқиға қаладағы "Эдем Палас 2" тұрғын үй кешенінде болған.
Фото: Ашық дереккөз
Астанада үй подъезінде балаларды сабап, қылқындырған 30 жастағы ер адам ұсталды. Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға қаладағы "Эдем Палас 2" тұрғын үй кешенінде болған.
"Байқоңыр ауданының полиция басқармасы бұл дерек негізінде тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Астанада болған қылмыстың видеосы кеше тараған. Видеоны әлеуметтік желіге блогер Насима Қорғанбекова бөлісті. Видеода ер адамның балаларды ұрып-соғып, қылғындырғанын көруге болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір