• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 15:47:21
Алматы
+35°

Алматыда жер сілкінісіне төтеп бере алмай, қабырғалары жарылып, сызаттар түскен сапасыз салынған баспаналарға кім жауапты?

Осы сипаттағы журналистер сұрағына 1 ақпанда Сенат дәлізінде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин жауап берді.

Вице-министр Қазақстанда үйлерді салу кезінде жер сілкінісіне төзімділігін тексеру шаралары алда күшейтіле түседі деп уәдені үйіп-төгіп, мұны депутаттар да қолдап отырғанын жеткізді. Шенді Алматыдағы ғимараттарға соңғы жер сілкінісі елеулі зақым келтірмеді деген ойда.

Төрт-бес балл болды, көріп тұрғандарыңыздар, көқабатты тұрғын үйлер аман-сау, орнында тұр. Негізінен, тұрғын үй жобасының сапасына, ең бірінші кезекте жобалаушы жауап береді. Өйткені құрылыстың сапасы сапалы жобаға байланысты. Екіншіден, салынған нысанды қабылдап алу кезінде оған сараптама жүргізген сарапшылар жауап береді. Үшіншіден, құрылысшылар (құрылыс салушылар) жауапты болуы керек. Сондықтан ғимаратты салу кезінде құрылыс компаниясы жоба сызбасын ұстанып, дұрыс және сапалы құрылыс салуы керек, - дейді Тимур Қарағойшин.

Айта кетсек, ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев 23 қаңтарда өткен брифинг барысында қаладағы барлық нысанда жер сілкінісінен кейін пайда болуы ықтимал жарықтар, сызаттардың бар-жоғы тексерілетінін мәлімдеген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір