26 Қаңтар, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі. Университетте Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымы да таныстырылды
Министрлік Оксфорд университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді. Соның аясында Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту жоспарланып отыр. Қазақстандық делегация Бодлиан кітапханасында Қазақстанға қатысты көне қолжазбаларымен де танысты.
"Бодлиан кітапханасы - өте ірі, рухани ордалардың бірегейі. Бұл кітапханада Түркі философы Шейх Ахмед Таразидың “Кемелдік ғылымы” қолжазбасының жалғыз данасы сақталғанын айтып өткім келеді. Сонымен қатар университетке экскурсия жасап, тарихымен етене танысып шығудың сәті түсті", - дейді министр Саясат Нұрбек.
Сапар кезінде Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымы да таныстырылды. Оған 60 мыңнан астам сөз енді.
"Сонымен қатар осы сапар аясында мен жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен кездестім. Санжарды мен ертеректен жақсы білемін. Естеріңізде болса, Tesla ұйымдастырған Not-A-Boring Competition турниріне қатысқан қазақ жігіті Санжар Тайжан мен оның командасы ұсынған бұрғы машинасы Илон Масктың назарына іліккен болатын", - деп атап көрсетті Нұрбек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір