• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:28:40
Алматы
+12°

Күні кеше Францияда екі жыл жалғыз өмір сүрген баланың анасына қатысты сот үкімі шықты. Безбүйрек ана 18 айға түрмеге тоғытылды.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Францияның екі мыңнан астам тұрғыны бар Нерсак қаласында 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта тоғыз жастағы бала өз пәтерінде жалғыз тұрып келген.

Анасы Нерсактан бес шақырымда орналасқан басқа қаладағы көңіл қосқан ер адамының қолына көшіп алған, ұлына өте сирек барып тұрған.

Ал бала аш қалмас үшін ұрлық жасаған. Осылайша ол екі жыл бойына қолына түскен печенье, қалбырдағы тамақ өнімдері, қызанақ сынды көкөністерді талғажу етіп өмір сүріпті.

Қыста пәтерде ыстық су мен жылу жиі болмаған. Соған қарамастан, бала мектепке барып жүрген, сабақ үлгерімі де жақсы болған. Баланың жападан жалғыз өз бетімен қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын жергілікті билік екі жылдан кейін бір-ақ білген.

"Маған баланың шешесі 2022 жылдың мамырында жолықты. Ол ақшаға қатысты мәселелері барын айтып, өз шағымын айтты. Содан кейін біз оған төрт азық-түлік талонын бердік. Бірақ ол одан бас тартып, оның орнына дайын құрғақ тағамдарды алуды жөн көрді. Осы арасы менде күдік туғызды. Кейбір адамдар қалада жалғыз тұратын бала барын айтқан. Содан осы факті бойынша полицияға хабарластым", дейді Нерсак мэрі Барбара Кутюрье.

Осы оқиғадан кейін әйел адамға қатысты тергеу басталып, ақырында ол ұсталып, сотталды. Ал бала қыркүйек айынан бастап әлеуметтік қызмет қамқорлығына алыныпты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: CNN телеарнасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір