• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:24:18
Алматы
+12°

Қазақтың қазынасы – домбыра мен күй мәдениеті туралы сыр шертетін «Қазына» жаңа тележобасын Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Хабар» агенттігі жарыққа шығарды.

Тұсаукесерге ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ввл

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ халқы ғасырлар бойы тарих пен мәдениетті сақтап, оларды күй арқылы жеткізгенін атап өтті.

«Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Домбыра үнінен ұлттық тарихтың бастауы мен Ұлы даланың сан ғасырлық шежіресі естіледі. Халқымыздың төл мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес. Жүректен шыққан күй ұлттық рухты көтереді" деді.  Шынында да күй өнері ел тарихымен бірге өмір сүреді.  Біздің міндетіміз – қасиетті өнерімізді насихаттау және болашақ ұрпаққа аманат ету", - деп атап өтті Аида Балаева.

Лал

"Қазына" тележобасы домбыраны насихаттауға, есімі музыка тарихына алтын әріппен жазылған күйшілердің мұрасын қазақстандықтардың санасында жаңғыртуға бағытталған.

Деректі фильмде 7 мектептің тарихы, оқиғалары мен ерекшеліктері туралы баяндайды.

Оал

Айта кетейік, соңғы жылдары күй өнерін зерттеуші ғалымдар мектептер санын 7-ден 12-ге дейін арттырды.

Жобаға өнертану, музыкатану, этнография және тарих ғылымдарының мамандары қатысады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аида Балаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір