08 Қаңтар, 2024 NEWS
Антикор QazAvtoJol филиалы директорының орынбасарын ұстады
Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады
Фот: Ашвқ дереккөз
QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
QazAvtoJol сайтында директордың орынбасары ретінде Дәурен Тултаев көрсетілген. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында "ҚазАвтоЖол" жергілікті филиалының басшыларына алғашқы қар жауған кезде әрекетсіздік танытқаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір