• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:15:11
Алматы
+12°

04 Қаңтар, 2024 Экономика

"QR жоқ, аудару жоқ" деген сатушыға айыппұл салынады

Төлем қабылдаудан бас тарту фактілері туралы хабарлау қажет дейді.

Фото: rikatv.kz

Жеке кәсіпкерлердің өткізген тауарлары мен көрсетілген қызметтері үшін қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарта бастағанын Мемлекеттік кірістер комитеті мойындады.

Комитет осыған орай қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз екенін ескертеді.

  • "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған (25-бап).
  • Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 194-бабы).
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір