• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:37:00
Алматы
+12°

29 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

30 жылдық аурудан жазылу оңай ма?

Дарақылық пен жасандылықтан, өтірік пен понттан аса алмады бұлар.

Фото: Orda.kz

Биыл жаңа жылды тойлау мен қаланы сәндеуге Алматы қаласының әкімдігі 714 млн теңге құртпақ. Өткен жылы осыған 600 млн теңге жұмсаған.

Астана әкімдігі қаланы сәндеуге, мұз айдыны сияқты шығындарын түгел есепке алғанда 825 млн теңге бөлген екен.

Алматы қалалық мәдениет басқармасы қаладағы әр ауданды бөлек безендіріп, сыртқы дизайн қызметтерін сатып алу бойынша 8 хабарландыру жариялапты. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы деректер қаланың әрбір ауданына кемінде 65 млн теңге бөлінгенін көрсетеді.

Бұл қызметті көрсетуші ретінде төрт компания таңдалған: «Magic Wood» ЖШС, «PR – Capital Media» ЖК, «Expedit Group» ЖШС және «B-Grass» ЖШС. Олар әр ауданда биіктігі он метрлік мерекелік шырша орнатады, ол гирляндалармен және ойыншықтармен безендіріледі.

Factcheck.kz редакциясының зерттеуінше, бұл Алматы әкімдігінің қаланы көріктендіруге жоспарлаған барлық шығындары емес. Қаланың бас шыршасы тұратын Абай алаңын жобалауға тағы 66 млн теңге, жарықтандыру мен безендіруге 65 млн теңге, шағын сәулет формаларын жөндеуге 46 млн теңге бөлді.

“Халыққа бір тиынды артық қимайтын, не баспана, не жер телімін қимайтын, ауру балалардың, науқас халықтың еміне қимайтын, не кредитін жауып беруге қимайтын жүздеген миллиондар жылда осылай бір шыршамен жоқ болады” деп, журналист Сәуле Әбділдаханқызы қалай дөп басып айтқан дейміз.

Рас қой, әлгі миллиондар шашылған шыршалардың бірі құлап жатыр, бірі өртеніп жатыр шетінен.

Рас айтады журналист: “Дарақылық пен жасандылықтан, өтірік пен понттан аса алмай қалды бұлар. 30 жылдық аурудан жазылу оңай ма?”.

 

Әсем Жұмақан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаңа жылдық сәндеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір