• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:30:28
Алматы
+12°

Бақытжан Сағынтаев 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді.

"2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды", - деді Ресей президенті.
 
Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды. Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір