13 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар
Қарағанды әкімдігі құны 1,1 млрд теңге болатын жер телімдерін тегін үлестірген
Прокуратура ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан коммерциялық жерді анықтады
ашық дереккөздерден алынды
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы коммерциялық мақсатта жер беру кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұзушылықтар орын алғанын анықтады.
Яғни, Қарағанды қаласының әкімдігі «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 62-1-бабын бұза отырып, бағалау рәсімін жүргізусіз бұрын алынған жер учаскелерінің орнына тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй салу және оны одан әрі пайдалануға беру үшін коммерциялық мақсатқа 14 жер учаскесін берген.
Осы орайда, бақылаушы орган:
«Прокуратураның наразылығы бойынша қала әкімдігі жоғарыда аталған қаулының күшін жою туралы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды, құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды», деп хабарлады.
Одан бөлек, Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан коммерциялық жерді анықтады. Ол Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, құрылысқа арналған жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
“Қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 1,1 млрд. теңге құрайтын осы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды”, – делінген ақпаратта.
Ірі кәсіпкерлердің бірі 2018 жылдан бастап жалпы ауданы 32 га болатын 6 коммерциялық жер учаскелерін игеруге шаралар қабылдамаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір