11 Желтоқсан, 2023 NEWS
Фото: Қостанай облысы ТЖД
Қостанайда бір қабатты үй құлап 7 адам үйінді астында қалды. Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:36 шамасында Амангелді тұрғын алабындағы мекен жайда болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып құлаған.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов барған және жедел штаб ашылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір