• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:14:21
Алматы
+12°

01 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

102-ге 49 рет қоңырау шалған әйелдің өлімі

Құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатуға құлықсыз ба?

Фото: ашық дерек көзінен алынды

Қостанай облысында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел полицияға 49 рет хабарласқан. Алайда қажетті көмекті ала алмай жан тапсырған.  Полиция департаменті аталған іске қатысты пікір білдірді.

Оқиға 2022 жылғы қараша айында болған. Полицейлер Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылғанын хабарлады.

– Қазір сот үкімі бойынша сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды, үкім заңды күшіне енген жоқ. Күдікті полицейлердің назарында болды. Оның әйелінің өтініші бойынша бірнеше рет қорғау нұсқалары шығарылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы басқа да құқықбұзушылықтар үшін тартылған, –  деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, қылмыскерге шара қолдану үшін жәбірленушінің арызы талап етілген, бірақ әйелі одан бас тартқан.

"Сонымен бірге, бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп облыстық департамент өкілдері мәлімдеме жасады.

Еске сала кетейік, күйеуінен қорғауын сұрап, марқұм әйел 102 нөміріне 49 рет жүгінгені айтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір