• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:02:11
Алматы
+12°

Депутат Абзал Құспан «ҚР мәдени саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» қайта қарастыруды ұсынды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елдегі мәдениетіміздің жай-күйіне алаңдаушылық білдіріп, Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

"Мәдениетті адам қылмыс жасамақ тұрмақ, жағымсыз іске бара қоймайды, өзінің жақсы сөзі, әдепті ісімен айнала ортасын тәрбиелеп, қоғамды сауықтырады.

Мәдениеті жоғары елдің, түрмесі болмайтыны сондықтан. Бір кездері қазақ халқы сондай аз елдердің бірі болған еді.     

Осы жылдың сәуір айында сол кездегі вице-премьер атына бір емес 12 депутат атынан сауал жолдап, елдегі мәдениетіміздің жай-күйіне алаңдаушылық білдірген едік.

Онда қазақтың дәстүрлі мәдениетіне қатысты қалыптасқан жағдайға тоқталып, Қазақ Үкіметінің өз елінің ұлттық мәдениеті мен өзге елдің мәдениетіне қаражат бөлудегі, салыстыруға да келмейтін әділетсіздік туралы нақты мәліметтерді келтіре отырып, осы келеңсіз тәжіриебені өзгертуді, биылғы жылдың басында премьер-министрмен бекітілген мәдениетті дамытудың 6 жылдық концепциясын қайта қарастыру қажеттігін көтердік", деді Абзал Құспан. 

Алайда Абзал Құспан сауалға өте формальды жауап алғанын айтты. 

"Мәдениет саласына жауапты Үкімет мүшелерінің мәдениет туралы түсінік-деңгейі – күнделікті өткізіліп жатқан концерттермен өлшенетіні өкінішті-ақ!

Қазіргі таңда сол жауаптың авторы Көлгіновте, дайындаушы министр Ораловта қызметтерінде жоқ, сол себепті осы мәселеге қайта оралуды қажет деп таптым. Себебі, заңдық бастама құқығы депутат ретінде өзімізде болса да, ол үшін әуелі Үкімет тарапынан бекітіліп қойған концепцияны өзгерту қажет", деді депутат. 

Депутаттық сауалынан соң Абзал Құспан Тамара Дүйсеноваға өз ұсынысын айтты. 

"ҚР мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын" қайта қарастыру қажет. Егер қазақ мәдениетін дамыту мәселесі бойынша ұзақ жылдарға негізделген ұлттық концепция жасақтар болсақ, тиісті заңнаманы да сол концепцияға сай қабылдауға бізде өз тарапымыздан ат салысуға дайынбыз.

Жаңа концепцияны  – тек министрлік шенеуніктерімен емес, міндетті түрде еліміздің мәдениет саласына қатысы бар мықты ғалымдарымыз бен қайраткерлеріміздің араласуымен жүзеге асырсақ деген ұсынысым бар.

Көтеріліп отырған мәселенің ауқымдылығы әрі регламентті сақтау мақсатында осы мәселеге қатысты бұрын жариялаған депутаттық сауалымды, «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Қазақ әдебиеті» газеттеріндегі көлемді сұхбаттарымды және күні кеше баспадан шыққан «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабымды қоса жолдаймын", деп айтты Абзал Құспан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір