• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:34:51
+12°

Қазақ халқын қорлап, бір бірін өлтіруге шақырған Астана тұрғыны Наталья Свиридова 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

"Свириденко (Меркулова) Наталья Валентиновна ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - делінген хабарламада. 

7 тамызда Наталья Свиридова TikTok парақшасында ұлт-араздық алауыздықты қоздыратын мәлімдеме жасап, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтірген.

Тікелей трансляция кезінде ол көрермен арасында басқа ұлт өкілдерінің бар екенін біле отырып, қазақ халқын ашық түрде қорлай бастады. Ол қазақ халқын маймылмен теңестіріп, "шимпанзе", "макака" десе, көрермендерінің бірінің балаларына өлім тілей отырып, олардың біреуін "науқас" деп айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір