• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:02:09
Алматы
+12°

17 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Отбасы банкпен "ойнап көрейін" десеңіз...

Отбасы банк арқылы үй алудың тиімді жолы қандай?

Фото ашық дереккөздерден алынды

Қазақстанда бюджет қызметкері санатына кірмейтін, 200 мың теңгеге жетер-жетпес орташа айлығы бар, ешқандай әлеуметтік осал топтарға жатпайтын қарапайым азаматтардың Отбасы банкінен баспана алу мүмкіндігі бар ма?

Банктің баспасөз қызметі Qamshy.kz-ке берген ақпаратқа сәйкес, мұндай азаматтар Отбасы банкінен тек 50/50 бағдарламасы арқылы үй ала алады. Яғни, бастапқы жарнасы үй бағасының жартысына тең болуы керек.

Отбасы банктің жүйесі – кредит беру үшін депозитте қаражаттың жинақталуын көздейді. Оның классикалық ипотекадан айырмашылығы – қазақстандықтарға жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) несиеге тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. (Мұндай мөлшерлемені Қазақстанда бір де бір екінші деңгейлі банк ұсынбайды).

Отбасын банкінен баспана алу үшін мынадай ең негізгі үш талап орындалуы керек:

– кем дегенде үш жыл бойы жинақтау;

– шарттық соманың кемінде 50%-ын жинақтау;

– бағалау көрсеткішінің ең төменгі мөлшеріне (ОП16) қол жеткізу.

Бағалау көрсеткіші – бұл банк клиентінің қаржылық тәртібінің индикаторы. Яғни, егер ай сайын шот толықтырылса және депозитті толықтыру арасында үлкен үзіліс болмаса, бағалау көрсеткіші тез өседі, тиісінше тұрғын үй кредитін тезірек алуға болады. (Бірақ 3 жылдан ерте емес).

Отбасы банктен Тұрғын үй заемымен, болмаса аралық заеммен баспана алу мүмкіндігі бар.

Мысалы, Сәкен есімді азамат тұрғын үй заемымен 40 миллион теңгенің үйін алу үшін оның 50 пайызын 3 жыл бойы жинаса, банк оған (3,5 пайыздан 5 пайызға дейін) қалған 20 миллионды несиеге береді. Бірақ Сәкен үйді алғанда алған 20 миллион қарызының пайызын төлей ме, әлде үйдің жалпы құны – 40 миллион теңгенің пайызын төлей ме?

Бұл сауалымызға Отбасы банкінің жауабы мынадай болды:

– Азаматтар тұрғын үй, не болмаса аралық үй заемдары бойынша үй алады. Мәселен, тұрғын үй заемы бойынша үй алу керек болса, несие мөлшерлемесі төмен (3,5% - 5%), сәйкесінше, артық төлем де аз болады. Яғни, ол банктен алған 50 пайыз қарызының үстінен ғана үстемақы пайызын төлейді. Ол үшін кем дегенде депозитте үш жыл бойы қажет соманың 50 пайызын жинақтап, бағалау көрсеткішінің ең төменгі мөлшеріне қол жеткізу қажет.

Ал аралық заемге келсек, ол толық 40 миллион теңгенің пайызын төлейді. Себебі, ол 3 жыл бойы бағалау көрсеткішін көтеріп, ақша жинаған жоқ. Бірден үйдің жарты бағасын төлегендіктен, жалпы соманың пайызын төлейді, – деп түсіндірді банк.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір