07 Қараша, 2023 Сұхбат
Алдағы 5 жылда түрмеде бос орын қалмайды – заңгер
Бізде ұлға да, қызға да шешесі қарайды. Әкелерде уақыт жоқ.
acca.media
Қазақстандық заңгер Ләззат Рақышева бала күнінде, бес жарым, алтыға тақаған жасында зорланғанын айтады. 18 жастағы көрші бала зорлық жасаған екен. Қазір ол құқық қорғайтын қоғамдық қордың басшысы. Зорлық көрген, қорлық көрген балалар мен әйелдердің құқығын қорғайды.
Қазақстанда қазір қыз балаға ғана емес, ұл балаға да зорлық жасау жиілеп кетті. Не болды, мәні неде? Статистикадан бөлек, үндемей, ұят боладыға салып отырғандар өте көп. Мұны тоқтату үшін жүйелі жұмыс, балалар құқығын қорғайтын алгоритм болуы керек, дейді заңгер Qamshy.kz тілшісіне.
– Ұялатыны жоқ. Жыныстық сауатты үйретуіміз қажет. Балабақша, мектеп пен балабақшадан бастап жеке шекараны қорғауды, өз денесіне ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ екенін, өзінің құқығын бала білуі керек.
Бәрі отбасынан басталады. Ұл балаға әке тәрбие беруі тиіс. Бізде ұлға да, қызға да шешесі қарайды. Әкелерде уақыт жоқ, жұмыста. Психологиялық қатынас жоқ. Баламен ашық сөйлесу керек. Ұлдарға да «Мынау сенің жеке шекараң. Сенің іш киіміңе, денеңе тиісуге ешкімнің құқығы жоқ. Бір жағдай орын алса, маған айт. Менен ештеңе жасырма. Менен ешқашан қорықпа. Қандай жағдай болса да сені қорғаймын. Сені жақсы көремін», деп айтып отыру керек. Бізде ондай жоқ қой.
Балаға кішкентайынан жыныстық тәрбие беру керек. Меніңше, үш жастан бастап айта берген дұрыс. Себебі, балаға бәрі қызық. Мәселен, көптеген хаттар келеді, 5-6 жасында зорлық құрбаны болғандардан. Менде 1200 адамның хаты жатыр. Бәрі бала кезінде қалай зорланғаны туралы жазған.
– Педофилдерге берілетін жазаға көңіліңіз тола ма?
– Біз бір істі ұттық. Мамыр айында бір педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бірақ педофилдерге көбіне 15-17 жыл беріліп жатады. Алдағы бес жылда түрмелер толып, орын болмай қалады-ау деп ойлаймын кейде. Өйткені педофилдер шынымен көптеп шығып жатыр. Олардың қайдан шығып жатқанын зерттейтін жұмыстар жүргізілмейді.
Мысалы, Америкада педофиль бостандыққа шықса, оның балалар тұратын жерге, мектепке жолауына болмайды. Қайда тұрып, не істеп жүргені туралы деректер жазылып тұрады. Біздегідей жасырылмайды. Бізде осы зорлық туралы жаңалық шықса, жәбірленушінің түрі көрініп қалады. Бірақ зорлық жасаған адамның түрін көбіне көрсетпейді. Неге екенін, бізде бәрі керісінше.
– Психикалық ауытқуы бар адамдарды түрмеге отырғыза алмайды. Бірақ олар да бір адамның өмірін құртуы мүмкін ғой. Оларға қандай жаза бар?
– Бір мысал келтірейін. 2 қыркүйекте маған Алматы облысының тұрғынынан хат келді. Көмек сұрады. Оның кішкентай қыздары көршінің қорасынан есекті алып шығып, жануарды зорлаған бейтаныс еркекті көрген. Бұл енді психикалық ауытқу ғой. Оны он күнге ғана қамап, жібере салған. Ол сосын басқа бір малшының малын бағуға кеткен екен. Оны біреу тіркеуге алды ма, белгісіз. Малшының малын зорлаған ол үйде кішкентай балалар болса, оларға да зорлық жасауы мүмкін ғой. Демек, ол қоғамға қауіпті адам. Ондайларды тіркеуге алып, бақылауда ұстау керек. Ертең кеш болады әйтпесе.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір