06 Қараша, 2023 Саясат
Қазақстанға ресми сапармен Путин келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен.
Президенттің ТРК
Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір