03 Қараша, 2023 Саясат
Жөйіттерде мемлекет болмауы керек – жазушы
Ақын, жазушы Төреғали Тәшен Facebook-тегі парақшасында «Израильдің өзі жөйітке керек те емес. Ол жаққа жай жер аударылған. Тәурат бойынша, жөйтте мемлекет болмауы керек», деп жазыпты.
Фото ашық дереккөздерден алынды
Qamshy.kz авторға хабарласып, одан толық ойын сұрады. Төреғали Тәшен әңгімесін құранда еврейлер туралы көп жазылғанын айтудан бастады:
– Жөйттердің тәураты бойынша, оларға мемлекет құруға тыйым салынған. Өйткені құранда «Сендерді әлемде басқаларға қарағанда артық жараттық. Бірақ сендер ақылдарыңды тек жаман жағынан пайдаланып, зұлымдық істедіңдер» деген. Одан бөлек, құранда «Ағаш «менің артымда еврей тұр» деп айтқан» екен. Адам емес, жансыз тал солай айтыпты. Шынында да олар адамдардан өзгеше, артығырақ жаратылған. Мысалы, Пайғамбарлардың барлығы еврейлерден. Яғни, олар жол бастаушы, әлемді өзгертуші халық екені анық. Бірақ көбі ақыл-ойларын зұлымдыққа пайдаланған. Оның дәлелі ретінде, Иса пайғамбарды өлтіргендерін айтуға болады, деді ол.
Сондай-ақ, ақын ендігі соғыстардың бастаушысы да еврейлер болатынын айтады. Оның пікірінше, болашақта бүкіл әлем еврейлерге қарсы шығады. Бірақ оның қай уақытта болатынын ешкім білмейді. Тек еврейлердің өзі біледі. Соны күтеді. Көбі қорқуы да мүмкін. Дінтанушы Михаил Лайтман «Біз, еврейлер, әлемді өзгертуіміз керек. Ол үшін бірінші өзімізді өзгертуіміз қажет. Жақсы жағынан. Бүкіл еврейлер Құдай тарапынан тапсырылған міндеттерді тек жаман жағынан орындап келдік. Бүкіл әлемді аздырдық, тоздырдық. Соны мойындауымыз керек. Құдайдан кешірім сұрап, әлемді жақсы жағынан өзгертуіміз қажет» деп есептейді.
– Қазір мына әлемде болып жатқан Ресей-Украина, Газадағы соғыстардың астарында еврейлер жатыр. Жириновскийдің өзі «болашақта бүкіл еврей бері қарай ауады» деген еді. Онысы Ресейге ауады дегені. Қазірдің өзінде Еуропаның бәрін арабтар басып жатыр. Америкаға да ол күн туады. Бүкіл ел де болмаса да, біртіндеп соған келе жатыр. Хазариядан шығып жатырмыз деп өздері айтпақшы, енді Хазарияны қайта құру үшін ақша аударып жатыр. Сталин заманында еврейдің байлары Қырымды сатып алмақ болып, пәленбай ақша аударған. Оларға Курган, Израильден гөрі Қырымды орнатқан тиімді емес пе? Қазір сол Қырым үшін үлкен соғыс болып жатыр. Болашақта Хазария мемлекеті қайтадан бой көтеруі мүмкін.
Ал тәурат бойынша, оларда мемлекет болмау керек. Бірақ оларға еш мемлекет құрық байлатпай отыр. Израиль де тар жерінен қуып жатыр. Егер еврейлер әлемді жақсы жағынан өзгертсе, жақсы болар еді. Саясаттанушылар да Ресей мен Украина соғысын әртүрлі болжап жатыр. Бірақ оның артында еврейлер тұрғанын біз сезіп отырмыз, деп аяқтады сөзін Төреғали Тәшен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір