• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:21:45
Алматы
+7°

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Палата төрағасы Ерлан Қошанов заңның маңыздылығына тоқталып, ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауында жаңа экономикалық саясат жариялады. Оның түпкі мұраты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы орайда республикалық бюджет, бірінші кезекте, Президент жүктеген міндеттерді іске асыруға бағытталып отыр. Ең бастысы бұл құжат әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауға, елдің тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Е.Қошанов.

муу

Депутаттар бюджетті екі ай бойы жұмыс топтарында жан-жақты талқыланды. Мәжілістегі барлық фракция отырыстарын өткізіп, өз ұстанымдарын анықтады. Талқылау барысында көптеген сыни пікірлер болды, ұсыныстар айтылды. Ерлан Қошанов олардың барлығы бюджетте ескерілгенін атап өтті.

– Сайлаушыларымызды толғандыратын ең өзекті мәселе – инфляция мен азық-түлік бағасы. Жылу, жарық, жол, сумен қамтамасыз ету де – түйткілді мәселелер. Мемлекеттік борыштың өсуі де депутаттарды алаңдатып отыр. Үкімет бұл жайттарға ерекше көңіл бөліп, жүйелі түрде айналысуы қажет.

Бюджетті талқылау кезінде сайлаушыларымыздың осы және өзге де талап-тілектері ескерілді, – деді Палата спикері.

щз

Ерлан Қошановтың айтуынша, бірқатар жайттарды шешу үшін депутаттар тарапынан қосымша қаржы қарастырылған. Бір ғана мысал, 2,5 трлн теңге бағдарламалардың, жобалардың маңыздылығына қарай қайта үйлестірілді.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Үкіметке Ұлттық қордың қаражатына иек арта бермей, басқа да кіріс көздерін қарастырған жөн екеніне назар аударды.

– Өздеріңіз білесіздер, Президенттің тапсырмасымен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске асырыла бастады. Сондықтан Ұлттық қордағы қаржы көлемі қоғамның басты назарында екенін ұмытпаңыздар. Ендігі міндет – Республикалық бюджетті тиімді іске асыру. Депутаттар бекітілген бюджеттің орындалуына жүйелі түрде бақылау жүргізетін болады. Мемлекет басшысы бізге дәл осындай жауапты міндет жүктеп отыр. Ең бастысы, бюджеттің әр теңгесі өз мақсатына жетуі қажет, – деді Е.Қошанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір