27 Қазан, 2023 Барлық аймақтар
«Не сұмдық! Балаларға дейін намаз оқиды!»
Шетелдегі қазақ ғалымы балалардың намазға жығылғанын сынға алды
Ғаламтор желісінен алынды
43 жыл бойы Венгрияда ұстаз болған Оңайша Мандоки халықтың қазақшылдықтан айрылып, жастардың жаппай діннің жетегінде кеткенін айтып, таңғалды.
- Бұрын біздің еліміз қандай еді? Біздің бала кезімізде бәріміз мұсылманбыз. Бірақ қазақшылық өзімізге тән емес пе? Дүниеде қазақтың әдет-ғұрпына жететін нәрсе жоқ. Бала кезімізде Тәңірге сыйындық. Құдай деп өстік, ата-әжелеріміз намаз оқыды, бірақ тек үлкендер ғана. Ал қазір баладан бастап намаз оқиды. Не болып кетті мынау? Не масқара болып кетті? Мүмкін, біреулерге ұнамас, бірақ біз қазақшылығымызды сақтай алмай жатырмыз. Неге біз қазақшылығызды сақтай алмай жатырмыз? Дүниеде біздің қазақ халқы сияқты жеті атаны білетін, текке қарап, тілге, салт-дәстүрге бай ел жоқ шығар» дейді Сұрауы бар арнасына берген сұхбатында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір