24 Қазан, 2023 NEWS
Фото: qamshy.kz
Бүгін Алматы облысының әкімі "Kelun-Kazpharm" компаниясының атқарушы директоры Мерей Сламұлын "Құрмет" орденімен марапаттады.
Мерей Сламұлы – белгілі кәсіпкер, меценат. 1963 жылдың 20 қаңтарында ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Құтыби ауданына қарасты Торғайты елді мекенінде дүниеге келген. Бастауыш мектепті Торғайтыда оқып, орта мектепті Құтыби ауданында бітірген. 1982-1986 жылдар аралығында Қытайдың әйгілі Нанкин Университетінің Биология факультетінде Ботаника мамандығы бойынша білім алған.
2014 жылы Мерей Сламұлы 5 жылда салынатын зауытты 1 жылдың ішінде іске қосып, 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал "Kelun-Kazpharm" – Қазақстанның ең ірі үштігіне кіретін, дәрі өндіретін, әлемдік фармацевтика саласында орны бар корпорация.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір